«Айсерік» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Қазығұрт ауданының «Айсерік» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы) | ҚР, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы, Махамбет елді мекені, Шапағат көшесі № 20. |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон 87054594467 электронды поштасы: ayserikbalabaksha@mail.ru |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) |
Мауленова Лазат Рыстановна «Айсерік» бөбекжай балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша №4 бұйрық 15.10.2014жыл тағайындалған. Жолдама №0003386957
|
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 19.09.2014 жылы берілген. БИН: 140740025781 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта 2014 жылғы 20.08.
№ KZ44ХХХ00006101 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 2014жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік үлгіде , 1 қабатты типтік , 1 қабатты типтік |
| 9 | Топтар саны | 4 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: 8 |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпен | Ересек топ- күні бойы. Ортаңғы топ – күні бойы. Кіші топ– күні бойы. Кіші топ– күні бойы. |
| 14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 100 балаға арналған. 19.09.2014 жылы 75 балаға №110 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 20.09.2016 жылы 25 балаға № Х.03.Х.KZ23VBS00044049 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты, 1 қабатты типтік , 1 қабатты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 90 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20- 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Ересек топ: «Көгершін » Ортаңғытоп:«Айгөлек», Кіші топ: «Балдырған », Кіші топ: «Балапан ». Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі пеш арқылы табиғи газбен жылытылады.Су,электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған,жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өздәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтынқұралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңкайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Белсенді тақта-1дана
-Тұйреуіш тақтасы-1дана
— Теледидар – 4 дана;
— Компьютер – 1 дана;
— Ноутбук — 1 дана;
-Түсті принтер-1 дана.
— Принтер – 1 дана
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.
